1

Кіру

«Егін мерекесі»

29 қыркүйекте Октябрь ЖОББМ 0-6 сыныптар арасында «Егін мерекесі» атты мектептік шара өткізілді. Мереке 3 кезеңнен құрылды.

1 кезең – салтанатты бөлім.

2 кезең – көкөністер мен жемістерден жасалған бұйымдар сайысы; оқушылардың күз тақырыбына салынған суреттер сайысы.

3 кезең – Күз сыйларын сату жәрмеңкесі.

 

 

Оқушыларға алдын ала тапсырмалартаратылған болатын. Қойылымдар өте әсерлі де көркем болып шықты. Оқушылар қазақ және орыс тілдерінде өлең оқып, ән шырқады, би билеп, көріністер көрсетті. Жұмбақтар жарысып, күздің белгілері туралы айтты.

Оқушылар шараға аса белсенділікпен қатысты. Қонақтар мен қазылар алқасының назарына тамаша бұймдар мен әдемі суреттер ұсынылды.

Сайыстарды қорытындылау қатысушылардың жас деңгейлеріне байланысты қаралды.

0-1сыныптар арасында

1        орын – Жарникова А.

2        орын – Коберт О.

3        орын – Штеркель К.

2-4 сыныптар арасында

1 орын – Кадырова А.

2 орын – Красакова К.

3 орын – Айпаев А.

5-6 сыныптар арасында

1 орын – Красакова Т.

2 орын – Шевченко К.

3 орын – Бабашаяқ Б.

Суреттердің әдемілігі мен көптігіне байланысты барлық оқушылар тәтті жүлде – «Чупа-чупстарға» иеленді.

Балалар өз дарындылықтарын көрсете отырып, өздеріне пайдалы мәліметтер жинады.

Ең есте қаларлық болған «Көкөністер мен жемістер жәрмеңкесі».

Сатушы ролінде болып, өз көкөністері мен жемістерін түгелдей сатып үлгерген ата-аналарды жеке атап өтуге тұрады.

Ал сатып алушылар – балалардың өздері, мұғалімдер, ата-аналар және қонақтар болды. Мейрам өте тамаша өтті!

Жауаптылар: Гуриненко Л.Н. – бастауыш сынып мұғалімі, 3 «Б» сыныбы; Рыкунова Н.Н. – бастауыш сынып мұғалімі – «Мектепалды» тобы.