1

Кіру

«Семья – обитель счастья» өткізді.

11 қыркүйекте мектеп психологі – Токтасова А.С. отбасы мерекесін «Семья – обитель счастья» өткізді.

Мерекенің мақсаты:  отбасының бағалығын қоғамда насихаттау, қоғамдық күштерді, мемлекеттік ұйымдарды, бизнес- топтарды біріктіру, мемлекеттің политикасын отбасы мен балалар үшін енгізу.

 

Іс-шараның басы жүргізушінің сөзінен басталды, содан соң балалар отбасы туралы өлеңдер айтты. Мерекенің  барысында ата-аналар мен балалар арасында «Рыбалка», «Ласковые слова» және «Передай яблоко»  конкурстары өткізілді.  Конкурстардың жеңімпаздарына жұбату сыйлықтары берілді.

Мектеп оқушылары «Отбасы» тақырыбына әндер айтты. Мысалға, 4 «Б» сыныбы «Без бабушки» әнін орындады. 5 «Б» сыныбы «Золотая свадьба» мен «Мама» әндерін орындады.  Саша Штерц пен Саша Горшанов «Мамонтенок» әнін орындады.

  Мерекеде отбасы тематикасына байланысты екі көрініс көрсетілді. 6 «Б» сыныбы «Семья в ресторане» атты көрініс көрсетті. 8 «Б» сыныбы  «Когда бабушке не спиться» көрінісін қойды. Бұл көріністе  10 сынып оқушысы Юнгман Марина әженің рөлін ойнады.

      Концерттің барысында оқушылар флешмоб биледі. Соған бүкіл келген ата-аналар мен оқушылар, мұғалімдер қатысты.

8 «Б» сыныбының оқушылары өте белсенді қатысты. «Мамонтенок» әнін орындап, 10 сыныппен бірге көрініс көрсетті. Сонымен бірге басқа сынып балаларымен флешмоб дайындады. Бұл сыныпты ерекше мақтағым келіп тұр.

     Мерекенің аяғында барлық келгендер бір-бірін қолдарынан ұстап «Мы желаем счастья вам» атты әнін орындады.

Оқушылар мен олардың ата-аналарына алғысымды білдіргім келеді. Сонымен бірге қаржылық көмек үшін Ховалко С.А., Иванов В.В., Елубаева Д.Е. алғысымды білдіремін.