1

Кіру

атты спорттық эстафета жүргізілді.

10 қыркүйекте Октябрь ЖОББ мектебінде «Папа, мама, я – спортивная семья» атты спорттық эстафета жүргізілді.  Онда 1 – 4 сынып оқушылары мен олардың ата–аналары қатысты. Мерекенің мақсаты: отбасы ішіндегі қарым–қатынасты жақсарту.

Бұл мерекенің жүргізушілері: деңе шынықтырудын мұғалімдері Петлин В.А. және Кыдырбеков Н.А., психолог Токтасова А.С.

 

Іс– шараның  басында жүргізушілер мерекенің аты мен мақсатың айтып, әділқазылар алқасын таңдады. Содан соң ата–аналар мен оқушыларды 2 командаға бөлді. Әр команда өзіне капитанды, команданың аты мен девизн таңдап алды. Бізде «Адидас» пен «Шанырак» командалары пайда болды. Адидас командасыныңдевизі: «Мы команда «Адидас», мы играем просто класс». Ал «Шанырак» команданың девизі: «Один за всех и все за одного».

    Бірінші конкурсты ата-аналар мен балалар да жақсы орындады. Барлық балалар ұзындыққа секіруді сүйіспеншілікпен орындады. «Адидас» командасы конкурстың аяғында женді.

    Екінші конкурс өте қызықты өтті, конкурстың шарты бойынша волейбол добын аяқтың ортасында ұстап алдағы бөгеттен өту болды. Бұл конкурсты барлығы жақсы орындады. Жанкүйерлер командалардың қатысушыларың жақсы қолдады, барлығы көңілді күлді, бұл тапсырманы көңілді орындады. Бұл конкурста «Шанырақ» командасы жеңді.

Әділқазылар алқасы екі конкурстың қорытындысын жариялағанда женімпаз командасын айта алмады.

   Эстафетаның екінші деңгейі басталды. Екінші кезең үш конкурстан құралды: «Художественная гимнастика», «Эстафета с мячами», «Бег со скакалкой».

     «Художественная гимнастика» конкурсында ата-аналар мен оқушылар шеңберді дұрыс айналдыруды көрсетті. Конкурс өте көңілді өтті. Аналар шеңберді айналдырса, оқушылар шеңбермен секірді. Конкурста «Адидас» командасы жеңімпаз аталынды.

Келесі конкурс 2 кезеңнен тұрды: 1) Волейбол добымен жүгіру ( өйткені баскетбол добы бірінші сынып оқушыларына өте ауыр). 2)Теннис ракеткасымен жүгіріп,  теннис шарын соғу. Конкурстың бірінші бөлімінде, көп ұпай жинау үшін  ата –аналар мен оқушылар допты шеңбер ішіне лақтырды. Барлығы бір-бірін қолдап, допты жақсы лақтыру үшін кеңес берді. Ең көп доп лақтырған «Адидас» командасы жеңіске жетті. Конкурстың екінші бөлімінде өте коңілді болды. Барлығы шарды соғып, оны түсірмеуге тырысты, бірақ мақсатқа жетпегендер де болды. Бұл конкурста татулық жеңді.

«Бег со скакалкой» конкурсында «Адидас» командасы жеңді.

Әділқазылар алқасы ІІ кезеңнің қорытындысын анықтағанша, жүргізушілер көрермендерге сұрақтарды қойып, ойнады.

ІІІ кезең бір конкурстан тұрды. Оның атауы «Болото». Әр командаға екі беттен берілді. Конкурстың шарты бойынша оқушылар берілген беттердің көмегімен еденді баспай өту керек болды. Бұл конкурста «Шанырак» командасы жеңді.

Әділқазылар алқасы эстафетаның қорытындысын жариялады.  Бүкіл конкурста «Адидас» командасы жеңімпаз атанды. Ата-аналарға жұбату ретінде сыйлықтар берілді. Ал балаларға тәтті сыйлықтар ұсынылды.